Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман Сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.
Сурет: akorda.kz
Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Оман cұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.