Қостанай тұрғыны шенеуніктерден 300 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай тұрғыны ашық тұрған кәріз құдығына көлігімен түсіп кетіп, келтірілген шығын үшін шенеуніктерден өтемақы өндіріп алды. Қалалық құрылыс бөлімі зақымдалған көлік үшін ақша төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Алайда сот мемлекеттік органның кінәсін толық дәлелденді деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта түсіндірілгендей, былтыр қазан айында талап қоюшының көлігі Береке шағынауданындағы жолдың жүріс бөлігінде орналасқан ашық бақылау құдығына түсіп, зақымданған.

Бұған дейін жауапкер көлік құдықтарын күтіп-ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл заң бұзушылық жол-көлік оқиғасына және көліктің зақымдануына әкеп соққан.

Соған қарамастан, жауапкердің өкілі талапты қанағаттандыруға қарсылық білдірді. Ол нысандағы құрылыс жұмыстары әлі аяқталмағанын және жұмыс қауіпсіздігіне мердігер жауапты болуы керек екенін алға тартқан.

Алайда сот құдықтың жауапкердің қарауында болғанын анықтады. Оның кінәсін жоққа шығаратын ешқандай дәлел ұсынылмаған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына 205 400 теңге материалдық шығын, сондай-ақ 85 мың теңге бағалау жүргізуге кеткен шығын өндірілді.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін