Ағаштың бір бөлігі сынып құлаған. Алайда бұл тұрақта тұрған бірнеше көлікті зақымдауға жеткілікті болған, деп жазды 5 қазанда irbistv.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Дегенмен көліктерге келтірілген шығынды кім өтейтіні әзірше белгісіз.
Тұрғындар бұған дейін түрлі мекемеге бірнеше рет хабарласып, ағаштарды кесуді сұраған. Алайда тиісті қызметтердің араласуы бірнеше бұтақты ғана кесумен шектелген.
Ал аулада әлі де басқа да апатты жағдайдағы ағаштар бар. Олардың кейбірі балалар алаңына жақын орналасқан.