Қарағанды облысы ТЖД-ның бұрынғы бастығы жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Марғұлан Аманбаев Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол 2024 жылғы қыркүйектен бері Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 5 қазанда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марғұлан Топашұлы Аманбаев ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды".

Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылғы маусымда Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінде инженер болып бастаған. 2002–2006 жылдары Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінде инспектор, аға инженер, бөлім бастығының орынбасары және бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (2005–2006), Астана қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті Сарыарқа аудандық өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (2006–2008), Астана қаласы ТЖД Сарыарқа аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (2008–2012), Астана қаласы ТЖД Алматы аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (2012–2015) болған.

Бұдан бөлек, Астана қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (2015–2016), Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары (2016–2020), Ақтөбе облысы ТЖД бастығы (2020–2023), ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (2023–2024) қызметтерін атқарған.

2024 жылғы қыркүйектен осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы ТЖД бастығы қызметін атқарды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болып, бірден екі вице-министрдің қызметінен босатылғаны белгілі болды. Олар – Айдар Әбілдабеков пен Батырбек Әбдішев.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін