Шарын ұлттық паркінің күзет аймағы мен табиғат пайдалану режимі белгіленді

Фото: pexels
Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғат пайдалану режимі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы облысының аумағында жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ені кемінде екі шақырым болатын күзет аймағы, сондай-ақ табиғат пайдалану режимі белгіленсін", – делінген құжатта.

Күзет аймағы аумағындағы табиғат пайдалану режимі

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:

Сонымен қатар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне кері әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға болады:

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі нысандарының мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, жануарлардың көші-қон жолдары мен шоғырланатын орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделіп, орындалуға тиіс. Сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де нысандарының қол сұғылмауы қамтамасыз етілуі қажет.

Қаулы 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы облысының аумағындағы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін де осындай күзет аймағы мен табиғат пайдалану режимі белгіленді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін