Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 6 қазанға қараған түні "102" нөміріне қала тұрғыны хабарласқан. Ол бұрынғы жігітінің жеке суреттерін желіге таратамын деп қорқытып жатқанын айтқан.
Оқиға орнына Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері барған.
"Жастар арасында жанжал болғаны анықталды. Екі тарап та мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция жариялаған видеода жас жігіт болған жағдайға қатысты өз түсініктемесін берген.
"Біздің қарым-қатынасымыз өте маңызды болды. Екеуіміздің айырылысқанымыз маған өте ауыр тиді", – деді ол.