Тиісті хабарландыру бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда, Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында жарияланды.
"8 қазанда сағат 10:00-де Қарағандыда қолда бар барлық дыбыстық электр дабылы іске қосылады. Тексеру "Баршаның назарына!" сигналы бойынша жүргізіледі".
Әкімдіктің түсіндіруінше, дабылдар аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеруге арналған кешенді оқу-жаттығу барысында қосылады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды, үрейге бой алдырмауды, қауесетке сенбеуді, сондай-ақ ресми хабарламаларды елеусіз қалдырмауды сұраймыз", – делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
2026 жылғы 5 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырған еді. Министрлік 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында ҰҚШҰ-ның "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғанын хабарлаған болатын.