Алматыда "Три богатыря" тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Фото: pixabay
Алматының Қалалық жоспарлау және қала құрылысы бақылау басқармасы Достық даңғылы, 44-үйдегі №142 тұрғын емес үй-жайға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында меншік иесі "Жаса Девелопмент" ЖШС қажетті рұқсат және жобалық құжаттамасыз қайта жаңғырту жұмыстарын бастағаны анықталды. Осыған байланысты басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қабылданды.

Нысан иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою, ғимаратқа техникалық тексеру жүргізу және белгіленген талаптар орындалғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар тексеру барысында жүргізілген жұмыстар ғимараттың көтергіш құрылымдарына әсер етпегені және олардың тұтастығына зақым келмегені анықталды. Тұрғындар нысанға шақырылып, басқарма қызметкерлері тексеру нәтижесін сол жерде түсіндірді.

Айта кетейік, меншік иесі нұсқамада көрсетілген талаптарды орындап, қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін ғана жұмысты жалғастыра алады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін