Шымкентте тойдан шыққан ер адам аспанға оқ атып, 5 тәулікке қамалды

Фото: Zakon.kz
Шымкент полицейлері тойдан шығып, дабыл тапаншасынан аспанға оқ атқан 34 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам бұл әрекетін туысының үйлену тойын осылай атап өткенін айтып түсіндірген. Алайда Шымкент қаласының Полиция департаменті 2026 жылғы 7 қазанда оның әрекеті айналасындағыларға қауіп төндіргенін атап өтті.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ оған түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және қаруды заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Ал Атырауда аулада шуламауды сұраған жергілікті тұрғынды күрек аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды