ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол апаты салдарынан зардап шеккен адам жүк көлігі — КамАЗ-дың зақымдалған кабинасында қысылып қалған.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді. Олар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зардап шеккен адамды зақымдалған кабинадан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ер адамға қажетті медициналық көмек уақытылы көрсетілді.