Арқалық қаласының прокуратурасы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.
"Тексеру нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Атап айтқанда, жекелеген студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім ала отырып, басқа өңірлерде еңбек қызметін қатар атқарған. Бұл мемлекеттік қаржыландыру шарттарының бұзылуы болып саналады", – делінген хабарламада.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде бюджетке 3 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және білім алушылардың нақты контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.