Оқиға 2026 жылғы 10 қазанға қараған түні Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Кондиционер орнатып жүрген жұмысшы биіктіктен құлап, тұрғын үй кешенінің 15-қабаты деңгейінде ілініп қалған.
"Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды құтқарып, жерге түсірді", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.