Астана тұрғынының көлігі түсіне байланысты айыптұраққа қойылды

Фото: Zakon.kz
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері зауыттан шыққан түсі өзгертілген BMW маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің 2026 жылғы 11 қазанда хабарлауынша, көлікті тексеру кезінде оның иесі зауытта белгіленген түсін өзгерткені анықталған. Ол көліктің шанағын басқа түсті қорғаныш үлдірмен қаптаған, алайда техникалық паспортқа тиісті өзгерістер енгізбеген.

"Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Анықталған құқықбұзушылық жойылғанға дейін автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізуге шақырды.

Ал елдің шығысында дәрігерлер қазақстандық азаматтың көлік жүргізуіне кедергі келтіретін жағдайды анықтады. Сот шешімімен ол көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін