10 тәулікке дейін қамауға алынады: прокуратура Астана тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Астана прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарына түнгі уақытта отшашу атып, қатты музыка қосып құттықтауға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, соңғы уақытта тұрғын үйлердің маңында түнде отшашу атып, қатты музыка қосып, туған күн иелерін құттықтау дәстүрге айналған. Соның салдарынан көліктердің дабыл жүйелері жаппай іске қосылып, тұрғындардың орынды наразылығын тудырады.

Елорда прокуратурасы бұл мәселеге қатысты қатаң ұстаным қалыптастырып, құқық бұзушыларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі — "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тарту тәжірибесін енгізгенін атап өтті.

Қазірдің өзінде 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде:

"Түнгі уақытта адамдардың арасында, тұрғын үйлердің немесе көліктердің маңында пиротехникалық бұйымдарды қолдану айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне тікелей қауіп төндіреді әрі өрт қаупін арттырады. Елорда прокуратурасы азаматтарды өзгелердің тыныштығын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады", – делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Бұған дейін, 2026 жылғы 20 қыркүйекте, Астана тұрғынының үйлену тойында отшашу атқаны үшін қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін