Тоқаев шетелдік фармацевтикалық компанияларды Қазақстанда өндіріс ашуға шақырды

Тоқаев шетелдік фармацевтикалық компанияларды Қазақстанда өндіріс ашуға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 18:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бөлек, Президент медицина мен фармацевтика салаларындағы серіктестікті нығайтудың маңызына назар аударды.

"Біз IBA компаниясымен ынтымақтастықты құптаймыз. Бұл Қазақстандағы протонды терапияға қолжетімділікті арттырады. Сала мамандарын даярлауға және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысты бірлескен бағдарлама онкологиялық ауруларды емдеудің озық тәсілдері бойынша құзыретімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Бельгияның фармацевтикалық компанияларын елімізде өндіріс орындарын ашуға шақырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарымен бірге жұмыс істей алатын озық ойлы әрі іскер тұлғаларды тартуға мүдделі екенін айтты.

"Мұндай мамандар елімізге неғұрлым көп келсе, соғұрлым баршамызға пайдалы болар еді. Өйткені осы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсарып, кәсіби байланыс жандана түседі. Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды. Қазақстан Президенті ретінде мен үшін елімізге келетін азаматтардың шыққан тегі емес, ең алдымен, қарым-қабілеті мен ақыл-ойы маңызды", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: