Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге қанша қаражат бөлінді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылғы 13 қазанда Үкімет отырысында бюджет шығыстарының орындалуы туралы баяндап, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге және өңірлерді қолдауға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, мемлекеттік бюджет шығыстары 98%-ға орындалып, қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгені құрады.

"Республикалық бюджет шығыстары 99,6%-ға орындалып, 19,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға 5,3 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 4,4 трлн теңге, экономиканың нақты секторын қолдауға 2 трлн теңге бағытталды. Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға, яғни 11,9 трлн теңгеге орындалды. Орындалмаған шығыстар көлемі 458,4 млрд теңгені құрайды", – деді Мәди Такиев.

Министр келесі қаржы жылында өңірлерге берілетін трансферттер 1,2 трлн теңгеге ұлғаятынын да атап өтті.

Бұған дейін Мәди Такиев мемлекеттік бюджеттің тоғыз айдағы орындалуы туралы айтып, кірістердің өсуіне ықпал еткен факторларды атаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін