Атырауда "Atyrau Open 2026" халықаралық шахмат турнирі жалғасуда

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда шахматтан "Atyrau Open 2026" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Тоғыз күнге жоспарланған жарысқа 8 жастан бастап әртүрлі жастағы шахматшылар қатысуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Турнирдің Masters санатында 122 шахматшы бақ сынайды. Қатысушылар арасында Атыраудың тумасы, Қазақстанның қазіргі чемпионы Зарина Нұрғалиева да бар.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Atyrau Open 2026" турнирі FIDE халықаралық рейтингін есепке ала отырып, швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Әр партияға 90 минут уақыт беріледі. Сонымен қатар әр жасалған жүріс үшін ойыншылардың уақытына 30 секунд қосылады, – деді Қазақстан шахмат федерациясының Атырау облысындағы филиалының директоры Назгүл Мырзағалиева.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі маусым айында Ақтөбе қаласында Владимир Дворковичті еске алуға арналған "Aktobe Open 2026" турнирі аясында өтті. Ал шілде айында Өскеменде кубоктың екінші кезеңі – "Oskemen Open 2026" ұйымдастырылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан кубогының финалына қатысушылар анықталады. Финалдық жарыс 1–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін