Қарағанды мен Жезқазған арасында соңғы 50 жылда алғаш рет жаңа тасжол салынып жатыр

Фото: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 14 қазанда қазақстандық жүргізушілер үшін жақсы жаңалық жарияланды. Қарағандыдан Жезқазғанға жетуге кететін уақыт үш есе қысқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі қала арасында соңғы жарты ғасырда алғаш рет ұзындығы 457 шақырым болатын жаңа тасжол салынып жатыр. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, ол қолданыстағы жолға параллель өтеді.

Қазір жұмысшылар болашақ күрежолдың негізін дайындап жатыр. Ал мамандар жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттеп, жаңа учаскелерді құрылысқа әзірлеуде.

Жобаны 2029 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Автожол жобаларын іске асыру департаментінің инженері Ержан Байсейітовтің айтуынша, құрылыс жұмыстарына 450 жол-құрылыс техникасы мен 676 маман жұмылдырылған.

Ал бір күн бұрын, 13 қазанда елдегі тағы төрт тасжолда орташа жылдамдық тіркеле бастайтыны белгілі болды. Жүргізушілер мына бағыттарға назар аударғаны жөн: "Орал – РФ шекарасы (Самара)", "Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)", "Қостанай – Денисовка", "Қандыағаш – Мақат".

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін