Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін: Жұманғарин ықтимал мерзімін атады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 15:25 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 14 қазанда Құрылтайда өткен брифингте Қазақстанда қазір 85 мың теңгені құрайтын ең төменгі жалақы қашан көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жұманғариннің сөзінше, әзірге бюджетте ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде белгіленген. Жалақыны көтерудің түрлі нұсқалары қарастырылғанымен, бюджет жобасында оны арттыру әзірге көзделмеген.

БАҚ өкілдері қазақстандықтар ең төменгі жалақының өсуін қашан күте алатынын нақтылады.

"Бұл мәселе үкімет пен Президент Әкімшілігі деңгейінде талқыланып жатыр. Сондықтан жақын арада нәтижесі болады деп ойлаймын. Нақты мерзімін айта алмаймын. Бұл – таяу уақытта шешілетін мәселе. Егер көтерілсе, келесі жылдан бастап өседі", – деп жауап берді ол.

Министр айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне қатысты да пікір білдірді.


"АЕК қазір, меніңше, 4 325 теңгеге дейін көтерілді. АЕК өздігінен өседі, біз оған ықпал етпейміз. Ал жалақы мөлшері белгіленеді. Тиісінше, әзірге ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды", – деді Жұманғарин.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқат деңгейін анықтау және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау кезінде қандай деректер ескерілетінін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: