Серік Жұманғарин ең төменгі жалақының өсуі мүмкін екенін айтты

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 15:17 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 26 маусымда Үкіметтегі брифингте Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы экономика құлдырағанына қарамастан, халықтың нақты табысы 2019 жылмен салыстырғанда өскен. Алайда бұл кейін инфляцияның күшеюіне әсер еткен.

"Бұл неге әкелді? Инфляцияға алып келді. Ал инфляция, әрине, уақыт өте келе нақты табыстың өсімін жоққа шығарады. Қазір біз дәл осы жағдайды көріп отырмыз. Экономика өсіп келеді, бірақ халықтың нақты табысы төмендеп жатыр. Бұған дейін бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы шамамен 30 пайызға көтерілді, басқа салаларда да еңбекақы бірнеше рет өсті. Бұл тек жалақыны көтерумен мәселе шешілмейтінін көрсетеді. Еңбек өнімділігін арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру қажет. Дегенмен біз ең төменгі жалақыны арттыру мүмкіндігін де қарастырып отырмыз. Келесі бюджетті қалыптастыру кезінде бұл бағытта нақты шаралар көзделуі мүмкін. Қазір оның көлемі мен тетіктерін айқындап жатырмыз, – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Үкімет мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін де қарастыруы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин әлеуметтік сала шығыстарын оңтайландырудың қандай нәтиже беретінін түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: