Екі айдан бері жалақы алмаған: Алматыдағы медицина қызметкерлері масақ теріп, қосымша жұмыс іздеуге мәжбүр

Фото: akorda.kz
Алматы облысындағы перинаталдық орталық қызметкерлері өздеріне шамамен 200 млн теңге жалақы берешегі барын айтып, шағымданды. Медицина қызметкерлері екі айдан бері жалақы алмаған. Соның салдарынан кейбірі қосымша табыс табу үшін егістікте масақ теруге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасының мәліметінше, 250 қызметкерге 187 млн теңге жалақы берешегі жиналған. Кейбір медицина қызметкерлері жұмыстан кейін егістікке барып, егін жинауға көмектеседі немесе автобус жуады. Орталықта 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан акушер Сәулеш Галфай екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын және жалақысының аздығына байланысты қосымша жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтты.

"Қарызға белшеден баттық, несиелерімізді төлей алмай жүрміз. Пайыз үстіне пайыз қосылып жатыр. Балаларымызға нан алатын ақша да таба алмай қалдық. Үш күннен бері далаға шығып, масақ теріп жүрміз", – деді медбике Жанар Қалдыбаева.

Мекеме басшылығы жалақы бойынша берешектің бар екенін растады. Олар мұны қаржыландырудың жеткіліксіздігімен түсіндірді. Қазір орталық қосымша қаражат бөлу туралы өтінімнің қаралуын күтіп отыр. Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалақы төлеу үшін қосымша қаржы бөлінгенін хабарлады.

"Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталық қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесін шешу үшін қор қосымша қаражат бөлді. Бұл қаражат алдағы күндері төленеді", – деді қордың Алматы облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Қазір қызметкерлер қаражаттың есепшоттарына түсуін күтіп отыр. Олар жалақының кешігуі енді қайталанбайды деп үміттенеді.

Бұған дейін Қазақстанға қанша медицина қызметкері қажет екені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін