Қазақстандық жас балуандар АҚШ-тағы әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас балуандар АҚШ-тағы әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:41 Сурет: telegram/DRSQazaqstan
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында тағы үш жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қазанда 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Али Яздиге 0:4 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Арсен Жұма үшінші орын үшін өткен белдесуде қырғызстандық Барсбек Асанқожоевты жеңді.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Джохар Узаров та Армения өкілінен басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Бір күн бұрын Айбек Айтбеков (60 келі) пен Юсуф Ашрапов (72 келі) әлем чемпионы атанған еді.

Лас-Вегастағы жарыс бүгін түнде әйелдер күресінен өтетін белдесулермен жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: