Алматылықтар жиі қатынайтын Шымбұлаққа апаратын жол 19 қазаннан бастап толық жабылады

Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, горный курорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда туристер арасында танымал Медеу – Шымбұлақ жолы төрт күнге жабылады. Бұған темірбетон су өткізу құбырларын орнату жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін Almaty_Joly Telegram-арнасында хабарланды.

"2026 жылғы 19–22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының "Горельник" визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық тоқтатылады", – делінген 15 қазанда жарияланған хабарламада.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапарлары мен жаяу жүру маршруттарын жоспарлау кезінде уақытша шектеулерді ескеру сұралды.

Бұған дейін 2026 жылғы 15 қазаннан бастап Алматыдағы Пушкин көшесінің бір бөлігінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретіні хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: