25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолы жабылады

Медеу-Шымбұлақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 13:15 Сурет: t.me/AlmatyJoly
2023 жылғы 25 қазаннан бастап тас құлап, бүлінген "Медеу-Шымбұлақ" жолында жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty_Joly Telegram-каналына сілтеме жасап.

Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Бұған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылады.   

Сонымен қатар тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі жасалады. Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығында болады.

Сурет: t.me/AlmatyJoly

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: