Алматыда ПИК төрағасы 15 мың тұрғынның жерін заңсыз сатқан

Фото: pixabay
Алматыда Ақсай-1А ықшам ауданындағы тұрғындардың ортақ меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқан ПИК-тің бұрынғы төрағасына үкім шықты. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу Алматы қаласының прокуратурасы Ақсай-1А ықшам ауданындағы әлеуметтік шиеленіс ошағына жүргізген талдау нәтижесінде басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "Школьник" ПИК-нің бұрынғы төрағасы тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқаны анықталды.

2026 жылғы 17 тамызда ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын алу және жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсету мақсатында прокуратура істің ашық сот отырысында қаралуын қамтамасыз етті. Оған проблемалық МИБ және ПИК төрағалары қатысты.

Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақсай-1А ықшам ауданындағы 15 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалып, әлеуметтік шиеленіс жойылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді