Бұған дейін жұма күні елордада жауын-шашын болмайтыны хабарланған еді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы түнде −2…−4°С, күндіз 0…+2°С болады деп болжанған.
"Астанада 23 қазанда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күннің бірінші жартысында аздаған жауын-шашын, көбіне қар жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 0…+2°С болады", – деп нақтылады синоптиктер.
Қазақстанда 2026–2027 жылғы қыста ауа райы қандай болатынын сілтеме арқылы білуге болады.