Дүйсенбіде "Қазгидрометтің" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, солтүстікте көктайғақ болады деп болжанады.
Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманның түсуі жатқызылады. Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейіп, облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында күн -2...-11°C суық болып, үсік жүреді деп болжанады.
- Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысы мен Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 25-27 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.