"Қазгидромет" мәліметінше, 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесімі.
Сондай-ақ "Қазгидромет" елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер бірнеше өңірде үсік, шаңды дауыл және тұман болатынын ескертті.