Бірнеше әуежайды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай тәжірибе ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Бұл туралы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Жақын арада Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
"Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау жоспарланып отырғанын хабарлады. Жобаға осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірі тартылмақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript