Олжас Бектеновтің айтуынша, Президент Жолдауда Әділетті, Күшті, Таза әрі Прогрессивті Қазақстан құруды басты мақсат етіп қойды.
"Бұл мақсатқа жету үшін еліміздің қолда бар әлеуеті мен қазіргі инновациялық жағдайда ашылып отырған кең мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет. Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды "Халықтық құрылыс" бағдарламасы инфрақұрылымды түбегейлі жаңғыртуға және экономиканың барлық саласында реформалар жүргізуге жол ашады. Бұл ауқымды жоба жұмыспен қамтудың өсуіне және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға елеулі серпін береді. Осы Жолдау – жақын болашаққа арналған ең мазмұнды бағдарламалық құжат. Оны іске асыру бойынша нақты іс-қимыл жоспарымыз болуы керек", – деді Олжас Бектенов.
Үкімет отырысында мемлекеттік органдар басшылары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасады.
Еске салайық, 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.