Оның айтуынша, елімізде терминалдық инфрақұрылым белсенді дамып келеді.
"Елімізде 46 логистикалық орталық бар. 2030 жылға дейін тағы 21 орталық салынады. Сонымен қатар транзиттік жүктерді тасымалдау дәліздерінің жүктемесін қамтамасыз ету үшін серіктес елдердің аумағында сыртқы терминалдық желі дамып жатыр", – деді Талғат Ластаев.
Оның сөзінше, қазір үш орталық жұмыс істеп тұр. Олар – Ляньюньган, Сиань және Поти қалаларында орналасқан.
Тағы жеті орталықты іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – Селятино, Свислочь, Ташкент, Чэнду, Алят, Констанца және Венгриядағы орталықтар.
"Бұл инфрақұрылым негізінен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының, сондай-ақ басқа да қазақстандық логистикалық операторлардың қатысуымен дамып келеді", – деп толықтырды вице-министр.
2026 жылғы 28 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы жетекші логистикалық орталыққа айналуы керектігін атап өтті.