Қазақстанның ауыл шаруашылығы цифрландырылады: смарт-фермалар мен маркетплейстер енгізіледі

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, зерно, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 12:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қандай цифрлық шешімдер енгізу жоспарланып отырғанын және олардың фермерлерге қалай көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығына дәлме-дәл егіншілік технологиялары мен "ақылды фермалар" енгізіліп, деректер қорын қалыптастыруға арналған бірыңғай цифрлық платформа құрылады.

"Бұл салалық ақпараттық жүйелердегі деректерді біріктіруге, агроөнеркәсіптік кешеннің даму сценарийлерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі агрологистикалық орталықтар желісін қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шағын өндірушілерді саудаға тарту үшін олардың өнімдерін маркетплейстер арқылы өткізу жобасы жүзеге асырылуда", – деді Айдарбек Сапаров.

Министр бұл жұмысқа отандық компаниялар, соның ішінде "Қазақтелеком" АҚ да тартылып отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет пен сүт өндірісін арттыруға бағытталған жаңа жобалар туралы айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: