Жаңалықтар тізбегі
0

Айдарбек Сапаров - ауыл шаруашылығы министрі

Айдарбек Сапаров - ауыл шаруашылығы министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 18:37 Сурет: gov.kz
Айдарбек Сапаров Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2003-2005 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011-2019 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019-2022 — ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: