Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің зейнеткерлік жасын төмендету ұсынылды

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 16:56 Фото: primeminister.kz
2025 жылдың 29 шілдесінде Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жастарды ауыл шаруашылығына қалай тарту жоспарланып отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Аманғали Бердалин Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде 285,5 мың тауар өндіруші жұмыс істеп, 1 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

"Агроөнеркәсіп кешеніндегі кадрларға жалпы қажеттілік шамамен 6,5 мың адамды құрайды, оның ішінде 3,5 мыңнан астамы білікті жұмысшылар", – деді ол.

Жұмысшыларды салаға тарту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шараларды ұсынып отыр.

Оның ішінде:

  • ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің зейнеткерлік жасын қысқарту;
  • ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік төлемдерге жоғарылатылған коэффициентті қолдану.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін арттыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

2025 жылғы 29 шілдеде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин цифрландыру зейнетақыға өтініш беру процесін қалай жеңілдететіні туралы айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: