Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысындағы сібір жарасы дертіне қатысты пікір білдірді

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 12:12 Фото: primeminister.kz
2025 жылдың 8 шілдесінде өткен үкімет брифингінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Атбасарда жануарлар мен адамдардың сібір жарасын жұқтыруының себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айдарбек Сапаров инфекция ошағы ауылдан 7 шақырым жерде, далада орналасқанын атап өтті.

"Ол жерде екі ауылдың ірі қарасы жайылып жатты. Ал, алдымен жеті, кейін үш, барлығы 10 шақты мал сібір жарасына шалдыққан. Ол жерде сібір жарасы көмілген жер бар, мал жайылып жүрген. Қожайындары анықталды, ауру малдар жойылды. Құқық қорғау органдарымен жедел жұмыс жүргіздік – ол жерде кім бар екенін анықтадық.Барлығы бақылауда, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, карантин енгізіліп, мал жайылып жатқан жер қоршалып, бақылауға алынды. Ал ол жерде карантин енгізіліп, екі күннен кейін екі ауылға да карантин енгізілді", – деп сендірді министр.

Оның айтуынша, ластанған ет де тәркіленіп, жойылған.

"Базарларда ет сынамалары алынды, зертханалық тексерулер жүргізілді, есік тұтқасына дейін бәрі өңделді. Ал бүгін бізде нәтиже бар – олардың барлығы теріс. Сондықтан адамдардың сібір жарасын жұқтыру қаупі жоқ", – деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

2025 жылдың 30 маусымында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақмола облысы, Атбасар ауданында адамдардың сібір жарасын жұқтыру фактісін растады.

2025 жылғы 2 шілдеде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Астанадағы "Әлем" ет базарында сібір жарасының өршуі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: