Қазақстанда картоп арзандай ма - Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Овощи, магазин, супермаркет, продукты питания, овощной отдел, картофель, картошка, цены на картофель, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 15:16 Фото: unsplash
2025 жылдың 8 шілдесінде өткен үкімет брифингінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасының жыл соңына дейін арзандауы күтілу керек пе деген мәселеге қатысты айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер биылғы жылдың соңына дейін картоп бағасы арзандамай ма деген сауал қойды.

"Біз Сауда министрімен бірлескен отырыстар өткіздік, бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бір жерде үстеме баға шекті бағадан жоғары болса, онда сауда орталықтарындағы сатушыларға айыппұл саламыз. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, мәселені жүйелі шешу үшін биыл картоп егіс көлемі 20 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

"Биыл шығымдылық қалыпты болып, картоп жеткілікті болады деп ойлаймын. Ал күзде баға төмендейді деп ойлаймын", – деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстанда сиыр етінің неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: