Соққыдан Damas көлігі жол шетіне қарай ұшып кетіп, бүйірімен аударылған. Көлік салонында хайуанаттар бағының төрт қызметкері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жұмыс бабымен жолға жаңа шыққан.
Сурет: Zakon.kz.
Сурет: Zakon.kz.
Жол апатынан зардап шеккен төрт адамның барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбіріне соғылу, ал енді біріне сүйек сынуы диагнозы қойылған. Mitsubishi Lancer жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмаған.
Сурет: Zakon.kz.
Сурет: Zakon.kz.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының (ЖКО) мән-жайын және жүргізушілердің әрқайсысының кінә дәрежесін анықтауы тиіс.
Еске салайық, 28 қазанда Астанада автобус қатысқан жол апатынан төрт адам зардап шеккені хабарланған болатын.