Әкімдік өкілдері қозғалысқа уақытша шектеу қою орташа жөндеу жұмыстарына байланысты екенін нақтылады.
"2026 жылғы 1 қараша сағат 05:00-ден 2 қараша сағат 08:00-ге дейін Солтүстік айналма жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылады", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылатыны айтылды.
"Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп ескертті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ көлік қозғалысы шектелетін аумақтың сызбасын жариялады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазаннан бастап Алматыда түнгі уақытта Орталық көшесінің бір бөлігі жабыла бастаған болатын. Бұған Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту жұмыстары себеп болған.