"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның 16 облысында 31 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 31 қазанда түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында шығыстан оңтүстік-батысқаойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 31 қазанда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 31 қазанда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 31 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 31 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Семейде 31 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз аталған елдімекендерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Өскеменде 31 қазанда түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 31 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 31 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 31 қазан, сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр