Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.
"Сонымен қатар 11,5 келі есірткі және 88 шақырым браконьерлік құрал-сайман тәркіленді. Балық аулау торларынан табылған 2337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді". ҰҚК Шекара қызметі
Құқық бұзушыларға 4,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келуі мүмкін 840 млн теңгеден астам залалдың алдын алды.
ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін еске салды.