Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген құжатта.
Ал Андриан Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.