Алматы облысында түнде 1-6 градус аяз болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында түнде 1-3 градус аяз болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарын түнде және таңертең тұман басады. Түнде облыс бойынша 3-8 градус аяз болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қаласында түнде 6-8 градус аяз болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында, соның ішінде Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Петропавл қаласында да осы уақытта тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ таулы аудандарында түнде және таңертең аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент пен Түркістан қалаларында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі, ал орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 3 градус аяз болады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.