Қазақстанның үш өңірінде -8 градусқа дейін аяз болады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 17:06 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 қараша, жексенбі күні Қазақстанның кей өңірлерінде -8 градусқа дейін аяз түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ тұман түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің үш өңірінде -1...-8 градус аралығында үсік жүреді:

  • Алматы облысында;
  • Жетісу облысында;
  • Қызылорда облысының солтүстігінде.
"Кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: