Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін "Қазтелерадио" АҚ ескертті.
"Осыған байланысты Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік, аналогтық телевизия және радио хабар тарату желілеріндегі телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады", – делінген акционерлік қоғамның 2 қарашада Instagram парақшасында жарияланған хабарламасында.
"Қазтелерадио" өкілдерінің түсіндіруінше, бұл жұмыстар болашақта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" – деп хабарлады компания.
Бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында 2026 жылғы 21 және 22 қазанда сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылған болатын. Бұған "Көктөбе" радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуі себеп болған еді.