Қазақстанда 500-ге жуық дәрі-дәрмек түрін өндіру жоспарланып отыр

Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 3 қарашада Үкімет отырысында жалпы сомасы 862 млн доллар болатын сегіз инвестициялық жоба аясында 494 түрлі дәрілік препарат өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтика нарығының көлемі 1 трлн 285 млрд теңгеге жетіп, екі жылда 31%-ға өскен.

"Бұл ретте отандық өндіріс көлемі 37%-ға артты. Биыл да оң динамика сақталып отыр. 2026 жылдың сегіз айында 157 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық. Соңғы екі жылда салаға салынған инвестиция көлемі 3,3 есе, ал экспорт 1,9 есе өсті. Отандық өнімді импорттайтын негізгі елдер – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Молдова", – деді министр.

Әлназарованың айтуынша, 2025 жылы қазақстандық "Химфарм" компаниясы GMP еуропалық сапа сертификатын алып, Еуропалық одақ нарығына шығуға мүмкіндік алған. Ал 2026 жылдың қыркүйегінде компания қант диабетін емдеуге арналған препараттың алғашқы партиясын Болгарияға жөнелткен.

"Отандық өндірісті одан әрі дамыту және инвестиция тарту мақсатында министрлік жалпы сомасы 862 млн АҚШ долларын құрайтын сегіз инвестициялық жоба бойынша келісімдер жасасты. Жобалар аясында 494 түрлі дәрілік препарат өндіру және 1 200 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде алғашқы 300 дәрілік препарат түрін өндіруді 2027-2030 жылдары бастау жоспарланып отыр", – деді ол.

Министрдің сөзінше, Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар – ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, мемлекетаралық сатып алу тетігін енгізу және мемлекеттік сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беру.

Бұл шаралар қазақстандық дәрі-дәрмектерге деген сұранысты арттыруға, оларды өткізу нарығын кеңейтуге және елдің фармацевтикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары деңгейіне шығуды көздеп отырғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды