"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің 2026 жылғы 3 қарашадағы мәліметінше, жаңа сервис арқылы кредиттік және сақтандыру есептерін онлайн алуға, кредиттік тарихты және сақтандыру міндеттемелері туралы ақпаратты тексеруге болады.
Сервисті қалай пайдалануға болады?
- eGov Business қосымшасына кіріп, "Сервистер" бөлімін ашыңыз.
- "ГКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихының гиді" қызметін таңдаңыз.
- Жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз.
- Қажетті есепті таңдап, "Жүктеу" батырмасын басыңыз.
Сервисті пайдалану жөніндегі толық нұсқаулық төмендегі карусельде ұсынылған.
Бұған дейін қазақстандықтарға жүргізушілер үшін маңызды құжаттардың бірін қалай қалпына келтіруге болатыны түсіндірілген еді.