Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы ТКШ бөлімі мен мердігер ұйым арасында Никольское ауылындағы ұзындығы 5,4 шақырым болатын ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 167,8 млн теңгеге келісімшарт жасалған.
Келісімшарттың мерзімі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталған. Осы уақытқа дейін бюджет қаражатының 103 млн теңгесі игерілген.
Тексеру барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың көлемі 78 млн теңгені құрайтыны анықталды. Бұл қаражат жол жөндеуге қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Ақмола облысының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 2 қарашада М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынының беріктігі мен төзімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технология әзірлегені туралы хабарлаған едік.