АҚШ-та мультимиллионер Адам Робинсон мен оның отбасы ұшақ апатынан қаза тапты

АҚШ-та мультимиллионер Адам Робинсон мен оның отбасы ұшақ апатынан қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 19:28 Сурет: ашық дереккөз
2026 жылғы 1 қарашада Learjet 60 жеке ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан америкалық технолог-кәсіпкер Адам Робинсон, оның әйелі Хелен Шарп және екі баласы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақ бортында отбасының екі құрбысы, бала күтушісі, әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқышы да болған. Бизнес-джет Остиннен Багам аралдарына бағыт алған. Отбасы кәсіпкердің туған күнін атап өту үшін сапарға шыққан. Апат салдарынан барлығы тоғыз адам көз жұмды.

Ұшақ құлағанға дейін пилоттар диспетчерлерге Mayday апат сигналын беріп, қатты мұздану мен турбуленттілік туралы хабарлаған.

New York Post басылымының жазуынша, ұшақ жерге құлағанға дейінгі соңғы секундтарда диспетчерлік қызметтің радиоэфирінен пилоттың дауысы естілген. Ол "Әкеміз" ("Отче наш") дұғасын оқыған.

Адам Робинсон – Техастан шыққан танымал америкалық технолог-кәсіпкер және мультимиллионер. Ол Retention.com және RB2B IT-компанияларының негізін қалаған. Робинсон стартаптар қауымдастығында бутстрэппинг идеясын насихаттаушы ретінде кеңінен танылды. Бұл – венчурлық капитал тартпай, бизнесті өз қаражаты есебінен дамыту тәсілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: