Техаста жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Өрт сөндіру көлігі, құтқару қызметі, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 13:29 Сурет: pixabay
АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласындағы Хикс аэродромы маңында Beech C90 King Air үлгісіндегі жеке ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox 4 телеарнасының мәліметінше, ұшақ тұрақта тұрған бірнеше автокөліктің үстіне құлаған. Соның салдарынан көліктер өртеніп кеткен, ал кейін жалын жақын маңда тұрған тіркемелерге ауысып, алапат өртке ұласқан.

Оқиға болған аймақта көлік қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі таңда апаттың нақты себебі анықталған жоқ – тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұшақ Mobile EHR компаниясына тиесілі болған. Бұл компания денсаулық сақтау саласына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады. Аталмыш Beech C90 King Air ұшағы тоғыз адамға дейін тасымалдай алады.

Апат кезінде нақты қанша адамның болғаны және жарақат алғандар жайлы толық ақпарат әлі берілген жоқ.

Бұған дейін Мысырда өткен Газа жөніндегі конференция туристерге қолайсыздық тудырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: