АҚШ-тың Орегон штатында шағын ұшақ тұрғын үйге құлады

Шағын ұшақ, АҚШ, Орегон, апатқа ұшырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 15:57 Сурет: pixabay
Шағын қос моторлы ұшақ АҚШ-тың Орегон штатындағы біреудің үйінің ауласына құлап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News агенттігіне сілтеме жасай отырып, РИА Новости шағын ұшақ апаты салдарынан төрт нысан өртке оранғанын хабарлайды.

"Жергілікті билік шағын қос моторлы ұшақ Орегон штатында тұрғын үй алабына құлағанын хабарлады... Алдын ала мәліметтер бойынша, кем дегенде үш адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында", делінген хабарламада.

Телеарнаның хабарлауынша, ұшақ алдымен электр желісі тірегіне соғылып, содан кейін тұрғын үйге қойып кеткен. Өрт төрт ғимаратқа ұласқан. Грешам қаласының өрт сөндіру бөлімінің бастығы Скотт Льюистің айтуынша, ұшақ бортында екі адам болған, сонымен қатар үй тұрғындарының бірі жоғалып кеткендер қатарына жатқызылды. Оқиға салдарынан бес отбасының қоныс аударуына тура келді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: